• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:24:50
Алматы
+12°

Елімізде "Өнегелі ұрпақ" акциясы жалғасып жатыр. Бүгін 1 мамыр - Бірлік күніне орай және аталған науқан аясында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жалғызбасты ананың үйіне барып қайтты. Бұл туралы Қонаев қаласының баспасөз қызметі хабарлады. 

Әкім Қонаев қаласында тұратын 90 жастағы Валентина әженің хал-жағдайын сұрап қайтқан. Бірнеше жыл бұрын әжейдің жары қайтыс болған. Валентина әжей отбасымен бірген 1974 жылы Қонаев қаласына көшіп келген. Қазіргі таңда зейнеткер әжейдің күйеуі Қапшағай СЭС-та энергетик болса, өзі инженер-құрылысшы болып қызмет атқарған. Ал екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тыл еңбеккері болған. Әжейдің жалғыз ұлы бар. Алайда ол өз еншісін алып, әжейден бөлек тұрады. Ал Валентина Марущенко осы жерден көшкісі келмейтінін, әлеуметтік қызметкерлер үнемі көмектесіп жүретінін айтады. Ел арасында отырған соң үнемі іздеп келіп, қолғанат болған әлеуметтік қызметкерлерге риза екенін мәлімдеді. 

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету көнеден келе жатқан салт-дәстүріміз. Осы орайда шаһар басшысы Валентина Марущенкоға гүл сыйлап, азық-түлік себетін де табыстады. Әжемен бірге аулаға ағаш екті. Жас еріктілер де іс-шарадан тыс қалмай, үйдің ауласын қоқыстан тазартып, шөбін жұлып, тазалық жасады. Бұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты рухани құндылықтарға баулуда үлкен рөл атқарады. Әже халін сұрауға келгендерге ақ батасын беріп, алғысын айтты. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қонаев өнегелі ұрпақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір