03 Маусым, 2024 NEWS
Мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
Көрнекі сурет
Әлеуметтік желіде қалалық мектептердің бірінде істейтін оқытушы дене шынықтыру мұғалімін өлтірді деген ақпарат тарады.
Қызылорда облыстық полиция департаменті мұны растап отыр. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сараптамалар жасалады.
«Күдікті тұтқындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Ал оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, оқиға мектеп аумағында емес, басқа жерде болған. Екі мұғалім де биыл 31 мамырда еңбек демалысына шыққан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір