28 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша айыпты деп танылған Бақытжан Байжанов сотқа апелляциялық шағым түсірді.
"Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылып, ең қатаң жаза алды. Біз жаза мөлшерімен ғана емес, "Байжанов кінәлі" деген үкімнің өзімен де келіспейміз. Апелляциялық шағымда нақты фактілер келтіреміз, Байжановтың іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық жоқ", — деді Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев.
Еске сала кетейік, Байжанов "қылмысты жасырды" деген айыппен 4 жылға сотталған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір