17 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Абай облысында 397 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардың заңсыз актілері жойылып, 49 мың га болатын 37 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер учаскенің құны 397 млн теңгені құрайды.
Мұндай шешімдердің қабылдануына жер учаскелерін нысаналы пайдаланбау, оларды қосалқы жалға беру, Мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасуы негіз болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір