• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:08:42
Алматы
+12°

28 Ақпан, 2024 Атырау облысы

АМӨЗ басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылығына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

anpz.kz

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы департаментінің мәліметіне сәйкес, өңірлік прокуратураның үйлестіруімен АМӨЗ басшылығының лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы кесірінен мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіргені анықталды. 

Айта кетсек, күні кеше әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытында түсірілген видео тарады. Видеодан қандай да бір құбырдан сұйықтық су бұрқақ құсап атқылап жатқанын көруге болады. Мұны желіге жүктеген жергілікті тілші зауытта бензин төгіліп жатқанын айтады. Желі қолданушылары алдында қызметінен кеткен басшысына айтқанын істете алмаған бас инженердің дабыл қаққан ақау осы болар деп топшылады. 

Аталға видеодағы жағдайға қатысты "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС түсініктеме беріп, зауыттағы апатты жағдайдың 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да орын алғанын нақтылады.

Баспасөз қызметі қанша бензин төгілгені туралы айтпады, тек қызметтік тергеу жүріп жатқанын жеткізген.   

Негізі, 2024 жылы 16 ақпанда "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Бас директорының орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, үндеу жариялады. Ол өз үндеуінде АМӨЗ-дің бас директоры Ғалымжан Жусанбаевты мәселені шешкеннің орнына орынсыз мінез-құлық танытуға бейім деп айыптады. Зауыттың бас директоры Президентке хат жолдап, өзі қабылдаған жаңашылдықтарға қол астындағылар дайын емес екенін, сол себепті қысым көріп жатқанын айтып ақталды. Қос басшының дау-дамайы екеуінің де қызметтен босатылуымен тынған еді. Бұл туралы Qamshy.kz сайтындағы "Президент кеңесшісі Атырауға шұғыл ұшты. Мұнайлы өңірде не болып жатыр" атты мақаладан кеңірек біліп-таныса аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір