15 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Видеодан кадр
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев қызметінен кетті. Оның орнына Асхат Хасенов тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қоры мәлімдеді.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды, оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін басқарма төрағасының міндеттерін атқару жүктелген", - делінген хабарламада.
Асхат Хасенов 2019-2022 жылдары "ҚазМұнайГаз" АҚ құрылымында жұмыс істеген. 2022 жылғы қаңтардан бері энергетика вице-министрі қызметін атқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір