• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 09:05:08
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар

Серікзат Дүйсенғазының ұлының ісіне қатысты сот үкімі шықты

Ақын Серікзат Дүйсенғазы шаңғы базасында қайтыс болған ұлының өліміне қатысты сот процесінің оң нәтижемен аяқталғанын жеткізді.

фото: orda.kz

Ақын әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, үш жарым айға созылған «Елікті парк» соты оң нәтижемен аяқталғанын жеткізді.

"Үш жарым айға созылған «Елікті парк» соты бүгін аяқталды. Ақмола облысы, Зеренді аудандық сотының судьясы Аида Каримова төрағалық еткен сот процесі жәбірленуші тараптың талабын оң нәтижеге шешті. «Елікті парктың» иесі сотталған жоқ. Оның жиені сотталды. Себебі, сол уақытта оның бизнесі уақытша сол жиенінің атына жазылған екен. Сот Әлихан сырғанаған күні де, одан бір апта кейін зардап шеккен Динара Муксулова мен Бірімжановалар сырғанаған уақытта да ешқандай қауіпсіздік ережелері сақталмағанын дәлелдеп, сотталушыға қауіпсіздігі ең төмен колонияға төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», – деп жазады.

Сондай-ақ ақын жәбірленуші тарап баласын сотталушы тарап ұйымдасқан түрде тауда бір жарым сағат тығып тастағанын дәлелдей алмағанын айтады.

«Тауда баламның жатқанын көрген куәгерлердің сөздері әртүрлі шықты. Көбі бір-бірін танитын адамдар ғой. Камера болмаған соң дәлелдеу қиын екен. Оның үстіне сотталушы тараптың жалдап алған екі адвокаты да әккі, заң саласынан білімдері терең жігіттер екен. Еш дәлелдері жоқ болса да әр сотта «бүйректен сирақ шығарып-ақ» бақты. Сот моральдық шығынымызды ішінара қанағаттандырғанымен, материалдық шығынымызды қанағаттандырмады. Оның барлығына чек керек екен. Өзіміз азан-қазан болып жатқанда кім чек жинап жүреді? Адам өлімінің өзі дәлел емес пе? Біздің заңдарымыздың да қызық жері көп екеніне көз жетті. Енді он бес күннің ішінде екі тарапқа да апелляциялық сотқа беруге мүмкіндік бар», – дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір