• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Маусым, 20:25:42
Алматы
+35°

13 мамырда Ақтауда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырған өңір талапкерлеріне арналған жоғары білімнің ауқымды көрмесі басталды.

Көрмеде Қазақстанның түрлі қалаларынан 40-тан астам жетекші ЖОО өз университеттерін таныстырып, білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Көрме жұмысы барысында ЖОО өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарының қабылдау науқандары, университеттің халықаралық ынтымақтастығы және академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктері, студенттік өмір және т. б. туралы сұрақтарына жауап берді.

Көрменің бірінші күні 3000-ға жуық Ақтау қаласының мектеп және колледж түлектері келді. Барлық ниет білдірушілер болашақ мамандықты және оқығысы келетін жоғары оқу орнын таңдауға қатысты сұрақтарына қойды. Сондай-ақ, көрме қонақтары халқы тығыз орналасқан және батыс өңірлердегі жастарға арналған нысаналы білім беру гранттары шеңберінде оқуға түсу тәртібі және тегін оқу мүмкіндігі туралы қажетті ақпарат ала алды.

«Білім беру грантының бұл түрі 2022 жылы алғаш рет ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша анықталды. Бұл Атырау және Маңғыстау облыстарының мектеп түлектеріне еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқу үшін мақсатты гранттар алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев.

Көрме аясында ҚР ҒЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан іс-шара қонақтарына 2024-2025 оқу жылына Маңғыстау және Атырау облыстары жастарына 3 200 грант бөлінгенін айтты.

«Биыл біз сізді бірқатар жақсы жаңалықтармен қуантқымыз келеді. Атап айтқанда, дайындық бағыттарының тізімі кеңейтілді, олар педагогикалық және гуманитарлық, IT, әлеуметтік, экономикалық, инженерлік мамандықтар, құқық, өнер және қызмет көрсету. Сондай-ақ, колледж түлектері қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша гранттар конкурсына қату мүмкіндігіне ие. Мақсатты білім беру гранттары негізінде Маңғыстау және Атырау облыстарының талапкерлері еліміздің 40 - тан астам жетекші жоғары оқу орындарында білім ала алады», - деп атап өтті Ақерке Абылайхан.

Көрме аясында талапкерлерді кәсіптік бағдарлау бойынша «Гранттардың түрлері және талапкердің жол картасы» семинары және ата-аналарға кәсіптік бағдарлау бойынша арнайы семинар өткізілді.

Кәсіптік бағдар берушілер ҰБТ-2024, мамандық таңдау, білім беру гранттары бойынша облыс түлектеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ талапкерлер мен олардың ата-аналарының сұрақтарына жауап берді. Кеңес беруден басқа, қонақтар үшін ұтыс ойындары мен викториналар өткізілді. Қатысушылар мектеп пәндері бойынша түрлі сұрақтарға жауап берді. 

Көрме 14 мамырда Ақтау қаласында өз жұмысын жалғастырады. Сондай-ақ, 14 мамырда 20-дан астам ЖОО өкілдері Жаңаөзен қаласында өтетін көрмеге қатысады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтау ЖОО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір