17 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстанда ауыз су қымбаттады
Өңірлер ішінен минералды су бағасының ең көп жылдық өсуі Жетісу облысында байқалған, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Көрнекі сурет
2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша бір жылда ауыз су 25,8 %, ал минералды су 31,4% қымбаттаған. Қазақстан Республикасы өңірлерінің ішінде минералды су бағасының ең көп жылдық өсуі Жетісу облысында (66,4%-ға), одан кейін Қызылорда (49,5%-ға) және Батыс Қазақстан (48,1%-ға) облыстарында байқалды.
Бағаның ең аз өсуі Ұлытау облысында (8,3%-ға), Шымкентте (11,4%-ға) және Түркістан облысында (18,5%-ға) байқалды.
Бір жылда ауыз су 25,8 пайызға қымбаттады. Ең көп баға өсімі Ақмола және Абай облыстарында тіркелді: сәйкесінше 43% және 42,6%.
Ауыз су құнының айтарлықтай өсуі Қостанай облысында да байқалды: 31,5%-ға. Бағаның ең аз өсуі Түркістан (10,9%-ға), Батыс Қазақстан (15,1%) және Павлодар (15,2%-ға) облыстарында байқалды.
Алкогольсіз сусындар ішінде газсыз сусындар да қымбаттады: бір жылда 34,7%. Өңірлік тұрғыда Батыс Қазақстан облысында газсыз сусындар бір жылда бірден 85,3%-ға өсті, одан кейін Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында (тиісінше 51,9%-ға және 47,7%-ға) өсті.
Саладағы ең аз баға өсімі Жамбыл (14,5%-ға), Ақтөбе (23,6%-ға), сондай-ақ Павлодар және Маңғыстау (әр өңірде 24,6%-ға) облыстарында тіркелді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір