• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 18:33:54
Алматы
+12°

15 Мамыр, 2024 NEWS

Әйел бес жасар баланы көлікпен қағып кеткен

Баланың туыстары жол-көлік оқиғасына кінәлі адам жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін деп отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм баланың туыстары ұсынған суреттер

Алматы облысында әйел бес жасар баланы көлікпен қағып өлтірді. Қайтыс болған баланың туысының айтуынша, қайғылы оқиға 10 мамырда күндізгі сағат 4-тер шамасында марқұм бала тұратын Саймасай ауылындағы үйдің маңында болған.

"Бала жол жиегіндегі құмда ойнап отырған. Ол жылдам келе жатқан, оның үстіне телфон қарап отырған. Ол дәл бала отырған жерге жол жиегіне шығып қағып кеткен! Сосын ол оқиға орнынан кетіп қалмақшы болған, көршілердің балалары мұның бәрін көрген, оны солар тоқтатты. Оқиғадан кейін ол көліктен де түспеді", - дейді Зарина Қамбарова.

Туыстарының айтуынша, бала бірден мерт болған. Алайда жол апатынан кейін әйелді ешкім ұстамады, дейді олар.

"Ол тіпті ата-анасына да келмеді, кешірім сұрамады. Ол кінәсін мойындамайды. Жол-көлік оқиғасынан кейін оны ешкім сараптамаға апарған жоқ. Қызметкерлер көліктегі қанды сүртіп тастаған, баланың аяқ киімдерін мүлдем басқа жаққа апарып қойған. Жол шетінде емес, жолда болғандай етіп сызып қойған", - деді қайтыс болған баланың тәтесі.

Олардың айтуынша, көлік жүргізген әйел мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Алматы облысының Полиция департаменті 10 мамырда Саймасай ауылында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болғанын растады.

"Opel Astra көлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан баланы қағып кетті. Кәмелетке толмаған бала есін жимай, аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.

Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қылмыс жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір