• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:37:17
Алматы
+12°

16 Мамыр, 2024 NEWS

Өзбекстан әлемде соғыс жүріп жатқан аймақтардан 531 адамды қайтарды

Қазақстан соғыс қимылы жүріп жатқан аймақтан азаматтарын қайтарған аздаған мемлекеттің бірі, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: видеокадрдан үзінді

Алғаш 2019 жылы басталған гуманитарлық операция нәтижесінде елге 750-ден астам отандасымыз оралған. Мұндай бастама Орталық Азияның өзге де мемлекеттерінде жүзеге асырылды. Айталық Өзбекстан лаңкестік оты шарпыған аймақтан 531, Қырғызстан 511 және Тәжікстан 381 азаматын қауіпсіз жерге көшірген.

Бұл жайт Ташкентте бас қосқан сарапшылар мен Бірікен Ұлттар ұйымы өкілдері тарапынан ерекше атап өтілді. Оралғандарды оңалту жөніндегі өңірлік кеңестің алғашқы отырысына үкіметтік орган жетекшілері де қатысты.

Еліміз атынан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов сөз сөйлеп, халықаралық ұйымдармен бірлесе жүргізілген «Жусан» операциясының маңызына тоқталды. Гуманитарлық іс аясында Қазақстанға 180 әйел, 500-ден астам бала және 37 ер адам қайтарылды. Жетім қалған 34 бала ата-әжесімен қауышты. Әйелдер мен балаларды оңалту, азаматтығын қалпына келтіру және құқықтық көмек алу мәселелері толық шешімін тапқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Өзбекстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір