29 Сәуір, 2024 NEWS
Көрнекі сурет
Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Халықтық бақылау» жобасын іске қосты. Жоба қоғамның жол сапасын арттыруға белсенді қатысуын көздейді.
«Халықтық бақылау» жобасының мақсаты – Қазақстанның әрбір азаматы салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға шақыру. Көлік министрлігі өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етеді» делінген «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Азаматтар республикалық маңызы бар жолдарда шұңқыр, тесік байқаған жағдайда 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыра алады. Тіркеу кезінде ТАЖ, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұратын елді мекен мен облысты көрсету қажет.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір