29 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Атырау облысында 250 тонна шөп өртке оранды
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: ашық дереккөзден алынды
28 сәуір күні Құрманғазы ауданында Қаракөл ауылының шетіндегі ашық аумақта 250 тоннаға жуық шөп өртенді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалды.
Ал қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір