24 Сәуір, 2024 NEWS
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
24 сәуір күні Шығыс Қазақстанда сағат 11:19-да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрнекі сурет
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9.
MPV магнитудасы - 4,4.
Тереңдігі - 5 шақырым
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Тасбастау ауылында 2 балл сезілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір