• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 01:16:54
Алматы
+35°

Алматыда автобус жүргізушісіне соққы жұмсап, арты үш адамның қазасына ұласқан оқиғаға күдіктінің соты онлайн өтіп жатыр. Жоғарғы сот осылайша сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасы жалғасатынын мәлімдеді.

"Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі). Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды" делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Сот отырысы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір