23 Сәуір, 2024 NEWS
Алатау театрында “Алматы біздің ортақ үйіміз!” науқан өтті
“Алматы біздің ортақ үйіміз!” атты жоба аясында қала әкімінің бастамасымен Алатау дәстүрлі орталық алаңында ағаш егу науқаны өтті.
Фото: Мақсат Құсайынов
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан науқанына ұлт жанашыры, халық ақыны әрі жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов, театр және кино актері, педагог, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та қолдау көрсетті.
Ол «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдына алма ағашын отырғызып, экологиялық шараның қаланың тыныс-тіршілігі үшін аса маңызды екенін атап өтіп, жастарға бата берді.
«Бұл – жақсы қасиеттерді насихаттайтын, ынтымақ пен ауызбіршілікке шақыратын және мейірімділікке баулитын үлкен іс-шара. Мен 82 жаста болсам да, ортақ мүддеміз үшін азаматтық белсенділік танытып, ағаш отырғызуға келдім. Әсем Алматымызды көркейту жолында қала тұрғындары ғана емес, қонақтары да атсалысуы қажет. Мұндай бастамаларды қолдаған дұрыс деп ойлаймын. Алматы экологиялық мәдениет жоғары дамыған қалаға айналуға тиіс. Соған тырысуымыз керек», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір