05 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Еліміздегі әрбір үшінші пәтер ипотекаға алынған
Ақпанда пәтер сатып алуға қатысты 30500 келісімнің 10400-і ипотекаға рәсімделген.
Фото: ашық дереккөзден
Былтыр әрбір төртінші пәтер немесе үй ғана ипотекаға сатылған болатын.
Бірінші кредиттік бюро мәліметтері бойынша ақпанда ипотекалық несие саны күрт өскен, өткен аймен салыстырғанда бірден 19 пайызға өскен. Сарапшыларының пікірінше, өсім тұрғын үй салымдары бойынша мемлекеттік сыйақыны берілуіне байланысты болуы мүмкін.
Отбасы банк өкілдері ақпанда 5700 қарыз берілгенін, бұл қаңтарға қарағанда 21 пайызға артық екенін айтқан.
Салымшылар салым бойынша мемлекеттік сыйақыны күтіп, содан кейін несие рәсімдеуді ұйғарған болуы мүмкін. Сонымен қатар, 15 ақпаннан бастап банкте депозиттерге қойылатын талап күшейді. Енді қарыз алу үшін депозиттегі ақша онда кемінде 6 ай сақталуы керек.
Ақпанда 10 мыңнан аса қазақстандық тұрғын үйді несиеге сатып алған. Кейбір қарыз алушылар ақпанда тұрғын үй бойынша тіпті бірнеше қарыз алған. Ақпандағы жағдай бойынша ипотеканың жалпы сомасы 167,2 миллиард теңгеден асады. Орташа сома - 16 миллион теңге.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір