• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 17:44:11
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2024 NEWS

"Қайыршыларға ұқсайды": Жас актер тасқыннан зардап шеккендерге ақша жинауға қарсы шықты

Танымал актер, спортшы Еркебұлан Тоқтар халықтан ақша жинағанды тоқтатуды сұрады

Фото: ашық дереккөзден

Актердің айтуынша, жиналған ақша жеке адамдардың қалтасына да кетіп қалатын көрінеді. 

“Хабарлама көп келіп жатыр. Мен сендерге МСЧ-тің бастығы емеспін. Сендердің төлеген салықтарыңнан жалақы да алып отырған жоқпын. Өзіммен өзім жүрген адаммын. Отыр ғой адамдары, солар істесін жұмыс. Олардың жұмысына араласа алмаймын. Ақыл айта алмаймын. Себебі маманы емеспін. Блогерлердің басын қос деп ақыл айтпай-ақ қойыңдар. Ақыл айтатындар мен басын қосатындар билікте отыр. Соларға айтыңдар. Уайымдап жүргенім рас. Бірақ парақшама түрлі видео жүктегеннен пайда жоқ. Елімнің амандығын дұғама қосып жатырмын”, – деп жазды актер. 

Сонымен қатар өнер иесі халықтан ақша жинайтындарды да сынады. 

“Бірдеңе болса, ақша жинағанды қою керек. Қайыршылар ұқсап, болатынға да, болмайтынға да жинап беруді тоқтатайықшы. Ақшалай көмек бергеннің неше түрлісін көрдік. Жинап бергенмен, жеке адамдардың қалталарына кетіп жатады. Көмекке деп жинаған ақшаңды жеп кетеді. Жай жүрген адамның өзі, осындай сәтте “жеп қалсам, алып қалсам” деген оймен жүреді”, – дейді өнер иесі. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір