• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:19:38
Алматы
+12°

14 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Қазақстандықтар енді электр энергиясын сата алады

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, электр энергетикасы және табиғи монополиялар мәселелері туралы заң жобасы мәжілісте мақұлданды.

Көрнекі сурет

  Жаңа заң жобасы Парламент депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы Жолдауында айтылған энергия тиімділігін арттыру және «жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді.

   Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов:

  -  "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын ауқымды объект” ұғымы алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл – қуаттылығы 200 МВт-тан аспайтын жел, күн және басқа да баламалы электр стансалары. Төмен қуатты жаңартылатын энергияның мұндай көздерін шағын және орта бизнестің, шаруа және фермер қожалықтарының, сондай-ақ жеке және көппәтерлі үйлердің қажеттіліктері үшін пайдалануға болады, - дейді.

   Яғни, мұндай қондырғылардың иелері артық өндірілген электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы ұйымға сата алады. Ол үшін жаңартылатын энергия көздері нысанының иесі жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттелмейді. Электр энергиясының шекті бағасын Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгілейді.

  Уәкілетті органдар кедергілерді жоя отырып, жаңартылатын энергия көздерінің шағын көлемдегі объектілерін жалпы электр желісіне қосу ережелерін бекітеді. Сондай-ақ нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату бойынша үлгілік шарттар әзірленеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: электр энергия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір