• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:52:39
Алматы
+12°

Алматы облысы Талғар ауданының полиция қызметкерлері Алматыда "саяси тұтқындарды" қолдап, баспасөз мәслихатын өткізбек болған саясаткер, қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайды ұстап әкеткен. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Басылым мәліметінше, полиция бөліміне апарылған белсендінің қан қысымы көтеріліп, қазіргі уақытта Талғар ауданы ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

Азаттық радиосы белсендінің келіншегі, құқыққорғаушы Маржан Аспандиярованың "ұстау кезінде полиция күш қолданды" деген сөзін келтірді. Оның айтуынша, полиция өздерін таныстырмай, құжаттарын алыстан ғана көрсетіп, не үшін алып кетуге келгенін түсіндірмей, сүйрелеп, дөрекі күш қолданған. Осыдан кейін Рысбек Сәрсенбайдың қан қысымы көтеріліп кеткен.

Адвокат Жалғас Сапарханованың айтуынша, полиция Рысбек Сәрсенбайұлы мен Маржан Аспандиярованы ұстау кезінде дөрекі күш қолданғанын мойындамаған. Полиция Қонаевтағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің сотына байланысты іс қозғалғандығын айтқан.
 
Толықтыру: Арада бірнеше сағат өткеннен кейін Рысбек Сәрсенбайұлы босап шықты.
 
Өзінің сөзінше, оны ұстаудағы себеп - баспасөз жиынын өткіздіртпеу.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Рысбек Сәрсенбай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір