• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Мамыр, 01:12:45
Алматы
+35°

01 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Тоқаев Қазақстанды көркейтуге үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс айтты

Қазақстанда Алғыс айту күні 8 жыл бұрын пайда болды. Жалпы, 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Мереке осы датаға арнайы орайластырылған.

Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурыз - Алғыс айту күнімен барша Қазақстан халқын құттықтады, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Құрметті отандастар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз.

Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді.   

Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды.

Біз озық ойлы ұлт ретінде көздеген барлық биік мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін.

Осы орайда тынымсыз тер төгіп, Қазақстанды көркейтуге өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс айтамын.

Баршаңызға бақ-береке және мол игілік тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", делінген президенттің құттықтау сөзінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір