28 Ақпан, 2024 Әлем
Алексей Навальныймен қоштасу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды
Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 1 наурызда өтетіні белгілі болды.
mstrok
Қаралы қауымға белгіленген уақыттан ертерек келу сұралуда, деп хабарлайды Qamshy.kz
Алексей Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш жерлеу рәсіміне қатысты ақпарат таратты.
"Алексеймен қоштасу рәсімі 1 наурыз күні сағат 14.00-де Маринодағы "Менің қайғымды жеңілдет" атауындағы Құдай Ана иконасы шіркеуінде өтеді. Алдын ала келу сұралады. Марқұм Борисов зиратында жерленеді", деп жазды Ярмыш желіде.
Айта кетсек, 2024 жылы 16 ақпанда Ресейде 19 жылға сотталып, жазасын өтеп жатқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың түрмеде көз жұмғаны белгілі болды. Немцовтан кейін Путин режимімен күресуші тұлға Навальныйдың құпия өлімі қоғамда үлкен наразылық туғызды.
Сол секілді РФ Тергеу комитеті тексерудің 14 күнге ұзартылуына байланысты марқұмның денесі берілмейтінін жеткізген.
Осыған байланысты ресейлік саясаткердің анасы Людмила Навальный видео үндеу жариялады. Ол өз үндеуінде өзінің тарапына жасалып жатқан қоқан-лоқы күннен күнге үдеп бара жатқанын әрі баласының денесін бермей отырған билік оны құпия жерлеп, қоштасу рәсімін өткізбеуді қалайтынын айтты.
Сондай-ақ Алексей Навальныйдың әйелі Юлия күні кеше ел алдына шығып, күйеуінің ісін жалғастыратынын мәлімдеді.
Шетелдік БАҚ-тар Еуропа Навальныйдың көз жұмар алдында оны басқа бір сотталушымен айырбастау туралы келіссөз жүргізілгені туралы да ақпарат таратты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір