• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 23:05:38
Алматы
+35°

28 Ақпан, 2024 Әскери журналистика

Фото: gov.kz

Қазақстанның Қорғаныс вице-министрі Ресей әскерилерінің Қазақстандағы "Сары-Шаған" полигонында қандай зымырандарды сынақтан өткізіп жатқанын айта алмады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Қарағанды және Жамбыл облысының жеріндегі әскери полигонда 200 шықырымға дейін ұша алатын зымырандар сынақ мақсатында атылып жатқанын айтты. "Бұл полигонда ешқандай елдімекен, инфрақұрылым жоқ" деді ол.

Бірақ Ресейдің Қазақстан жерінде қандай зымырандарды атып жатқанын генерал-майор айтпай қойды: "бұл сұрақ ҚР Сыртқы істер министрлігінің құзырында" деп құтылды.

"Ол қару Украинадағы соғыста қолданыла ма?" деген сұраққа вице-министр "жоқ" деп қояды.

Сонымен қатар, оның сөзінше, Қазақстанда қазір Ресейдің 900 әскери қызметкері бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір