• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:45:43
Алматы
+12°

21 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Ақылы жолдарды тез арада жою керек!

Ол да жағаласып, халықты алқымнан алып жатыр.

Ғаламтор желісінен алынды

Былтыр желтоқсанда көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың тарифі қымбаттайтынын мәлім еткен.

Халқы кедейленіп келе жатқан Қазақстанда біраз жылдан бері жолдар ақылы болып бара жатқаны белгілі. Бірақ сапасына әлі сын көп.

«Қызылорда – Алматы бағытымен жүк көлігімізбен барып-келгенге 40 мың теңге төлейміз. Ақысы мен айыппұлын төлеуді сәл кешіктірсең, сот орындаушылары шотымызды бұғаттап тастайды. Жеңіл көлік иелері де айына ақылы жолмен жүргені үшін айына 15 мың теңге төлеп жүр. Бұған жағдайы жоқтардың шамасы келмейді», дейді жүк көлік жүргізетін Ғазиз Оқап.

«Шымкент – Түркістан арасындағы жол өте нашар. Ақылы деуге ұяласың.  Жол тегіс емес, ой-шұқыр. Көпірлердің үстін айтпай-ақ қояйын. Дәретханаларына кірудің өзі қорқынышты. Тазалап жатқан ешкім жоқ. Төлеп жатқан ақшаларымыз қайда кетіп жатыр сонда? Одан бөлек, осы ақылы жолдардың кесірінен, азық-түлік те қымбаттап кетті. Жол ақысы қымбаттаса, артынша өңірлердегі азық-түліктер де қымбаттап кетеді», дейді Нұрмұханбет Аманов есімді азамат.

Айтпақшы, ақылы жолдың ақысын төлемегендерге 5 АЕК – 17 250 теңге айыппұл, заңды тұлғаларға 10 АЕК 34 500 теңге айыппұл салынады.

Саясаттанушы Санжар Боқаев ақылы жолдардың ақшасы көлікке төленетін салықтан бөлінуі қажет дейді.

– Ақылы жол – көптеген елде бар нәрсе. Бірақ ол елдерде жолды бизнес өз ақшасына салып, ақысын алып, сол жолдарды сапалы ұстайтын бизнес моделі қалыптасқан. Ал бізде жолдың бәрі бюджет есебінен, яғни қазақстандықтардың қалтасынан алынған ақшаға салынған. Ендеше Қазақстанда жолдың ақысы көлікке төлейтін салықтан бөлінуі керек. Біз қазір көлік үшін бір салық төлейміз, жолды салуға екі төлейміз, сосын онымен жүргеніміз үшін тағы да төлейміз бе? Бұл дұрыс емес!

Екіншіден, ақылы жолдардың сапасы төмен, ақысы жоғары. Әсіресе, бизнес өкілдері көп төлейді. Мысалы, тауар тасумен айналысатын бір компанияның иесі жеке көлігі үшін бір жылда 1 миллион теңгеден астам ақша төлеген.

Ақылы жолдардан түсетін ақша жолды жөндеуге емес, «ҚазАвтоЖол» штатындағылардың айлығына төленіп жатыр. Мұны көлік министрінің білмеуі ұят.

«ҚазАвтоЖолдың» штаты өте үлкен. Халықтың жол ақысына төлеп жатқан ақшасы құр айлық алып қана жүрген адамдарға кететін болса, онда ақылы жол несіне керек. Онда сол персоналдарды алып тастап, жолдарды тегін қылу керек, – дейді Санжар Боқаев.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір