• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 09:28:46
Алматы
+35°

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілер жұмысқа шығудан бас тартып жатыр, деп хабарлады Lada.kz.

Оларды қазір Өмірзақ ауылының өрт сөндірушілері де қолдап шыққан.

Үндеу Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-министр Олжас Бектеновке, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа жолданды.

«Маңғыстау облысындағы «Зевс энерго» қоғамдық бірлестігі, Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай, Қаражанбас және Қаламқас өрт сөндірушілері ұжымының атынан үндеу! Осы уақытқа дейін мемлекеттік органдарға ескерту жасалды. Алайда арыз-талабымыз оң шешімін таппады. Сондықтан 16 ақпаннан бастап жұмысты тоқтаттық. Талабымыз, айлығымыз 130-150 мың теңге аралығында, еңбек демалысына 80 мың теңге береді. Бұл қазіргі қымбатшылыққа байланысты аздық етеді. Айлығымызды 350 мың теңгеге көтеріп, әлеуметтік пакетті қосып, денсаулыққа зиянды аймақта жүргендіктен сүт және тағы басқа пайдалы азықпен қамтамасыз етілсін. Жыл сайын берілетін мерекелік сыйақылар 100% берілсін. Сапалы киімдер берілсін. Жұмысшыларды қудаламауды сұраймыз, - деді маңғыстаулық өрт сөндірушілер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір