• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:27:23
Алматы
+12°
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ақшаны жылыстатты және пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Қазақпарат" агенттігіне берген жауабында көрсетілген. 

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті К. Мәсімовке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", - делінген комитет жауабында.

Осыған байланысты Кәрім Мәсімов прокуратура санкциясымен тергеу амалдарын жүргізу үшін Астана қаласындағы ҰҚК оқшаулау орнына жеткізілген. Қылмыстық іс аясында бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді.

 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір