• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:52:48
Алматы
+12°

17 Қазан, 2023 Саясат

Қазақстан ХАМАС-тың Израильге шабуылын айыптады

Террористік әрекеттерді жасауға болмайды. Бұл ақтауға жатпайды.

ҚР СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі арқылы ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты өз позициясын ашық жеткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz.

"Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптайды", делінеді мәлімдемеде.

"Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің кепілге алынған адамдарды алдын ала шартсыз дереу босату және гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеуін қолдаймыз. 

Сондай-ақ, Қазақстан Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеліп соғатын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырады", делінген ресми хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ХАМАС Израиль ҚР СІМ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір