• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қазан, 01:50:10
Алматы
+8°

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Шеңгелді ауылдық округі Кербұлақ ауылындағы мектеп асханасының жұмысын тексерді. Шаһар басшысы, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының тамақ мәзірін қарап шықты.

«Бастауыш сыныптар ыстық тамақпен қамтылған. Балалардың сапалы тағамдарды пайдаланғаны дұрыс. Сіз жас директор ретінде оқу процесінен бөлек, осы мәселені үнемі назарда ұстауыңыз қажет», - деді әкім.

Мектеп директорының айтуынша, 1-4-сыныптарда 172 бала білім алады. Олардың барлығына ыстық тамақ беріледі.

Асхана жұмысынан басқа, Нұрлан Құматаев мектептің жылыту маусымына дайындығын, қауіпсіздік жүйесінің жұмысын (бейнебақылау камералары мен арнайы қондырғылар), ішкі дәретханалардың талапқа сәйкестігін тексерді.

«Келесі аптадан жылыту маусымы басталады. Мамандар қысқа дайынбыз деп мәлімет берді. Барлық мектептер жылы, балалардың оқуына ыңғайлы болуы қажет. Мен бұл сұрақты бақылауда ұстайтын боламын», - деді Нұрлан Құматаев.

Қорыта келе, қала әкімі басқа да мектептерді аралап шығатынын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қонаев қаласы асхана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір