• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:44:32
Алматы
+35°

«Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға созды. Бұл туралы QAZAQSTAN телерадиокорпорациясы хабарлады. 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі өткен жылы Корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Яғни, фильм мемлекеттік қаражат есебінен түсірілді. Келісімшартқа сәйкес фильм 21 қыркүйектен бастап барлық қалалардағы үлкен экрандарда 15 күн бойы прокатта жүрді.
Бұдан бұрын бір рет сұранысқа сәйкес көрсетілім 4 күнге ұзартылған еді», делінген  Qazaqstan ұлттық телеарнасының хабарламасында. 

Бұған дейін «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі кинотеатрлардағы прокаттан алынғаны көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Фильмнің режиссері Мұрат Есжан прокат мерзімі аяқталғанын айтқан. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір