• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:36:38
Алматы
+12°

28 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Орыс тілін қолдайтын және насихаттайтын ұйым құрылмайды

Ғылым және жоғары білім министрлігі орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын жарияланған күннің ертеңінде-ақ мұрағатқа кетті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Press.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

25 қыркүйекте "Ашық НҚА" сайтында ТМД елдерінде орыс тілін қолдайтын және насихаттайтын ұйым туралы шартқа қол қою туралы құжат пайда болды.

Бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиесілі. Ол оны 2021 жылдың желтоқсанында Ресей басшысы Владимир Путинмен әңгімелесу кезінде айтқан. 2022 жылдың қазан айында бұл идеяны ТМД-ның басқа елдері де қолдады.

Алайда жоба қабылданбады. Мұрағатқа кеткен құжатта тұрғындардың жағымсыз пікірлері бар. Қазақстандықтар орыс тілін дамыту идеясын сынға алып, бұл үшін мемлекеттік бюджетті жұмсауға қарсы екенін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір