Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапарыаясында Сеулге барды. Алматы делегациясын Сеул мэріО се Хун қабылдады. Тараптар БҰҰ Бас Ассамблеясының екіжақты әріптестікті дамытуфорумында Қазақстан президенті Қасым-ЖомартТоқаев пен Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёлдің екі ел арасында жоғары деңгейде белгілегенуағдаластықтарды іске асыру мәселесін талқылады.
Ерболат Досаев пен О СеХун тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, Smart City құру, мегаполистердің көлік инфрақұрылымын дамыту, инновацияларды енгізудің маңызы және т.б. мәселелерді талқылады.
«Сеул – әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан қаланың бірі, қысқа және ұзақ мерзімді перспективада дұрыс даму мен өркендеудіңмысалы. Сеулдің технологиялық даму, жедел қоғамдық көлікті жаңғырту, жеке инвестиция тарту, қалдықтарды кәдеге жарату және экологиялық мәселені шешу, туристерді тарту тәжірибесі Алматы үшін қызықты әрі пайдалы», - деп атап өтті Алматы әкімі әңгіме барысында.
Өз кезегінде Сеул мэрі О Се Хун Сеул тәжірибесі және қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту мәселелерінде ірі технологиялық компаниялармен ынтымақтастық жобалары туралы айтты. Мэрдіңұсыныстарының бірі Сеулдің Алматымен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуына және өзара ортақ бастамаларды қолдауға дайын екеніне қатысты болды.
Ерболат Досаев қазіргі уақытта Алматыда көлік құрылымының шеберлік-жоспары әзірленіп жатқанын айтты, ал бұл жолаушыларды тасымалдау сапасы мен қозғалыс жылдамдығын үштен бірге арттыруға мүмкіндік береді. Оның негізі халықтың 75%–ы үшін жаяу жүргіншілерге арналған жылдам қоғамдық көлік – метро, LRT және BRT болады.
Жұмыс сапары аясында делегация Сеул қаласын басқарудың көліктік ақпараттық сервисінің TOPIS (Seoul Transport operation & Information Service) data-хабына барды, ол мегаполистің көлік жүйесін, Сеулдегі табиғи апатпен байланысты көрсеткіштерді тәулік бойы қадағалайды, соның нәтижесінде қалалық қызметтерге оларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті арттыруперспективалары талқыланды. 2023 жылдыңбасынан бері Алматы мен Корея Республикасыарасындағы тауар айналымы 23,6%-ға ұлғайып, 720 млн долларға жетті.
Алматы делегациясының сапары аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен Сеул қаласында цифрландыру, медицина жәнефармацевтика, машина жасау, сондай-ақ экология және экологиялық көлік мәселелері бойыншаSamsung Medison, Samsung C&T, Hyundai Rotem, GL Rapha, SK Ecoplant Co және т.б. компанияларының басшыларымен бірқатар кездесуөтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір