• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:45:25
Алматы
+12°
Алматы облысында 10 жастағы оқушымен болған оқиғаға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
 
Бұған дейін Алматы облысында құрдастары тарапынан буллингке ұшыраған 4-сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тараған еді. 

"Осы жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында оқу-ағарту министрлігінің, Алматы облысы білім басқармасы басшылығының өкілдері бала оқитын мектепке жедел тәртіппен барды", - делінген хабарламада.

Бұл жағдай оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.
 
Комитет атап өткендей, жуырда балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар қабылданды.
 
Кеше 4 сынып оқушысы мектепте әлімжеттік көрген соң 10 дана аспирин ішіп, хат жазып қалдырған. Анасы баласын ауыр хәлде көрген соң жедел жәрдем шақырған. Қазір баланың жағдайы жақсы. Бірақ мектеп әкімшілігі анасына болған жағдайды ешкімге айтпауын сұрап, оқиғаны жасырып қалуға тырысқан. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір