16 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Жетісу облысында 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізіліп, олардың жағдайы заң талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Тіпті, лагерьлердің бірінде "параноидтық шизофрения" диагнозы қойылған адам жұмыс істеген.
Тексеріс барысында Текелідегі лагерлердің бірінде "параноидтық шизофрения" диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері жұмыс істегені анықталған. Ал Көксу ауданындағы "Қарлығаш" лагерінің қауіпсіздік сертификаты жоқ боп шықты.
Ведомствоның хабарлауынша, лагерлердің барлығында өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмаған. Тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір