16 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Экологиялық заң бұзушылықтарға жол бергені үшін "Теңізшевройл" компаниясына 2,8 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысының экология департаменті хабарлады.
2023 жылы Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Теңізшевройл" ЖШС қоршаған ортаға экологиялық эмиссияларды рұқсатсыз шығарғанын, рұқсат етілген нормативтерден асырып жібергенін және жерді бүлдіргенін анықтап, заң бұзушылыққа жол берген тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынды, - деп жазылған хабарламада.
Сол себепті Атырау облысы бойынша экология департаменті "Теңізшевройл" ЖШС-не қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328 және 337-баптары бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасап, қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолдады.
Жылыой аудандық сотында жоғарыда аталған істер біріктіріле қаралып, сот нәтижесінде "Теңізшевройл" ЖШС-не жалпы сомасы 2,8 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір