• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:11:42
Алматы
+12°

Журналист Сандуғаш Дүйсенованы қолдау үшін петицияға қол жинау басталды. Бұл туралы журналистің қызы Сая Біләлова жазды.

"Менің анама Instagram-ға кіруге рұқсат берілді, бірақ пост жазуға болмайды. Сондықтан бүгіннен бастап оның парақшасын мен жүргізетін боламын. Қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді! Анам қылмыскер секілді уақытша ұстау изоляторына қамалып, журналистердің араласуынан кейін ғана босатылды! Тергеу жалғасып жатыр. Әзірге жанашыр адамдар бастаған петицияны қолдауларыңызды сұраймын", - деп жазды журналисттің қызы Сая Біләлова.

Оның айтуынша, тергеуші Дүйсеновадан барлық бейне және фотоматериалдары сақталған ұялы телефонды тартып алған.

Еске салайық, Сандуғаш Дүйсенова – тәуелсіз журналист, азаматтық белсенді. Оны полиция 11 тамыз күні ұстап әкетіп, уақытша ұстау изоляторына қамаған. 12 тамыз күні таңертең журналист кепілге босатылды. Тергеуде болған Дүйсенова полицияның өзін шешіндіріп, видеоға түсіріп алғанын хабарлады. Журналистің айтуынша, олар бұны оның жігерін сындыру үшін жасаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір