• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:16:38
Алматы
+12°

Қазақстан Өзбекстан өтінішімен ұсталған қарақалпақ белсенділері- Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетовке босқын мәртебесін беруден бас тартты. Бұл туралы Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының мүшесі Ақылбек Мұратбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Белсендінің сөзінше, Қазақстан азаматтығы мәселесі бойынша комиссияның мұндай шешімі 31 шілдеде шыққан. Қазақстан шенеуніктері босқын мәртебесін не себепті бермегенін айтпаған. 

Төремұратов пен Жақсымбетов 2022 жылы Өзбекстанның өтініші бойынша Алматыда ұсталып, 40 күнге қамалған. Өзбекстан оларды "республика конституциялық құрылысын құлатпақ болды" деп айыптап, халықаралық іздеу жариялаған. 

2022 жылы 1 шілдеде Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан автономиялы республикасының астанасы Нөкіс қаласында халық жаппай наразылыққа шыққан. Оған Өзбекстан билігінің жаңа конституция жобасына Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін жою жөнінде жазғаны себеп болған. Нөкіс оқиғасында Өзбекстан билігі халықтың бейбіт наразылығын күшпен басып, ондаған адам өлген. Бұл оқиғаға байланысты қарақалпақ белсенділерін көп жылға соттаған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қарақалпақ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір