• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:18:03
Алматы
+12°

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын бақылауға  алғанын хабарлады. Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook парақшасында пікір білдірді. 

"Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталды. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын", - деп жазды.

Еске салайық, қоғам белсендісі 11 тамыз күні ұсталған. Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір