• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:26:52
+12°

Ұлытау ауданында "Қазақмыстың" жүздеген жұмысшысы наразылыққа шыққан. Олар кен орны басшылығына 15 талап қойған.

13 тамызда түнгі ауысымға шыққан Сәтбаев қаласындағы №65 шахтаның қызметкерлері жұмысын тоқтатқан. Олардың айтуынша, наразылық акциясына корпорацияның басқа филиалдарының қызметкерлері де қосылды.

Шахтерлердің төмендегідей талап қойған:

1) еңбек жағдайын жақсарту;
2) мүгедектік пайызын 29-дан 50 пайызға дейін арттыру;
3) жақында кәсіпорында қайтыс болған жұмысшы Е. Ербосыновтың ұлын жұмысқа алу;
4) демалыс күндерін 48 күннен 54 күнге дейін созу;
5) жұмысшылардың бір жарым жыл еңбек өтілін есепке алу;
6) ескі тау-кен жабдықтарын кондиционері бар жаңа қондырғыларға ауыстыру;
7) шахталарға жұмысшылар қабылдау;
8) жұмысшы жетіспеушілігін түсіндіру.

Сонымен қатар, наразылық білдірушілер медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды, шахтерлар күніне орай 100 мың теңге көлемінде сыйақы төлеуді сұраған.

Қазір кеншілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Іс бойынша өңірлік жедел штаб құрылған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір