Фото: Ашық дереккөз
Жетісу облысының полиция департаменті журналист Сандуғаш Дүйсенованы тінту кезінде неліктен шешіндіріп видеоға түсіргенін түсіндірді.
Журналистке Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі, адамның жеке өмірі туралы ақпаратты тарату бойынша айып тағылған.
Босап шыққаннан кейін журналист өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін айтқан болатын. Осыған орай Жетісу облыстық ПД мәлімдеме жасады.
"БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азаматша Дүйсенованы ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттердің болғаны туралы ақпарат тарап жатыр. 11 тамызда соттың санкциясымен сотқа дейінгі тергеу аясында Дүйсеноваға жеке тінтуі жүргізілген. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процестік кодексінің қатаң талаптарына сәйкес іске асырылды. Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі", - деп мәлімдеді полиция.
Журналистті жеке тінту кезінде тыйым салынған заттар табылмаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір