• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 22:46:14
Алматы
+35°
Ішкі істер министрі мемлекеттік іздеу жжарияланған спортшы Бейбіт Шүменовтің АҚШ-та болуы мүмкін екенін айтты. 
 
"Спортшы Бейбіт Шүменов АҚШ-та болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жеке нұсқау жіберіліп, тергеу амалдары жүріп жатыр. Іздеу жарияланды. Кезінде қылмысты тіркемеген қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан босатылды",-деді министр.
 
Министр Марат Ахметжанов қос тараптың татуласу нұсқасы қарастырылғанын да айта кетті.
 
"Мұнда ауырлығы орташа санаттағы іс қозғалған, тараптарды татуластыру да көзделген. Енді сотқа дейінгі толыққанды тергеу жүргізіліп, шешім қабылданады", - деп қосты министр.
 
Айта кетейік, спортшы Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланды.
Ол 18 маусымда Астанадағы сауда орталығында қолына бала ұстаған ер адамды ұрып-соқты деп айыпталды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір