• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:58:58
Алматы
+12°
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов отставкаға кетпейді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Бүгін әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы ақпарат тараған болатын.
 
"Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Сондай-ақ қазір қала әкімі М. Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екенін хабарлайды", - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
 
Еске салсақ, жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент қаласы әкім

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір