24 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматыда №98 автобустың жүргізушісі адам өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі деп танылды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.
Апат кезінде №201 және №98 автобустар соқтығысқан болатын. Сотталушы – №98 автобустың жүргізушісі.
Тергеу барысында анықталғандай, сотталушы жол қозғалысы ережелерін елемей, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, №201 автобуспен соқтығысқан.
"Сот сотталушы азаматты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза және 5 жыл мерзімге көлік құралын тізгіндеу құқығынан айыру түрінде қосымша жаза кесті", – делінген сот хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір