19 Шілде, 2023 NEWS
Фото: АШық дереккөз
18 шілдеде Алматы облысы Кеген аудандық соты Серік Күдебаевтың Қырғызстанға қалай өткені жөнінде тың деректерді жариялады.
Алматы облысы Кеген аудандық соты Серік Күдебаевқа қатысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тыс қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық істі қараған болатын.
«Айыпталушы Серік Күдебаев биыл 15 наурызда шамамен сағат 4:30-да қылмыстық жоспарға сәйкес, Кеген ауданындағы тікенді сымнан жасалған шекара қоршауын көтеріп, өткізу пунктінен тыс аумақ арқылы Қазақстан-Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Осылайша, К. Манас әуежайы арқылы Түркияға ұшып, жазадан жалтармақ болды. Ұсталғаннан кейін ол Қазақстанға экстрадицияланды», - делінген Алматы облысы Кеген аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір