• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:30:33
Алматы
+12°

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның ісі бойынша сот басталды. Тыңдалым Алматы гарнизоны әскери сотында өтті.

Айкөркемнің өліміне әскери қызметкер Арман Жұман айыпталып жатыр. Оған "билігін асыра пайдаланды" деген айып тағылған. 

Сотқа Айкөркемнің әкесі мен БАҚ өкілдері қатыстырылмаған. Әскери қызметкер ретінде Айкөркемнің ағасы ғана тыңдалымға қатысуға рұқсат алған.

Сот қызметкері Рүстем Мұхтаровтың айтуынша, іс материалдары мемлекеттік құпия болғандықтан сот жабық өтеді. 

Келесі сот отырысы 26 шілдеде өтеді. Ресми түрде жәбірленуші деп танылған Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханұлы мен әпкесі Жанель Мелдехан сотқа қатыспайды.

"Туған әкесін сотқа қатыстырмау — барып тұрған сорақылық. Бұл биліктің тапсырмасы екенін айтпаса да түсінікті. Қызымды билік атып тастады. Енді қылмыстарын жасыру үшін сотты әдейі жабық өткізіп жатыр" - деді Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан.

Адвокат Жанғазы Күнсеркин сотты ашық өткізуді талап етіп, сотқа шағым түсірді. Алайда судья соттың "құпия" статусын өзгертпей, жабық жағдайда өткізуге қаулы шығарды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір