06 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астана қаласында ресейлік белсенді ұсталды. Бұл туралы халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросы хабарлады.
Ұсталған белсендіге халықаралық іздеу жарияланғандықтан 72 сағатқа қамауға алынды. Оған "әскердің беделін түсірді" деген айып тағылып отыр.
"Екінші топтағы мүгедек Андрей Павлов Қазақстанға өткен жылдың соңында келген. 4 маусымда Ресейде сырттай тінту және қамауға алу салдарынан ұсталып, 72 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы Павловқа заңгерлік көмек көрсетуде", - деді бюро өкілдері.
Айта кетейік, қазірдің өзінде ұсталған Павлов өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтініш жазған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір