• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:41:53
Алматы
+12°
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ресейлік газ бағасы туралы мәлімет көрсетілген құжаттың түпнұсқасы болмағандықтан қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың үкімінің күшін жойды.
 
Сот үкімі осы жылдың 31 наурызында жарияланған. Сол кезде сот бірінші президенттің бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев пен оның бизнестегі серіктесі Роман Нахановты, сондай-ақ "Qazaq Gaz" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақты 8 жылға бас бостандығынан айырды.
 
"Қазтрансгаз" АҚ-ға Ресей тарапынан ұсынылған газ бағасы туралы бастапқы деректердің болмауы үкімнің күшін жоюға себеп болды.
 
"Үкім "Газпром" ЖШҚ мен "ҚазМұнайГаз" АҚ арасында 12.07.2019 жылғы кездесу хаттамасы болған деген болжамға негізделген. Ол құжаттың 18-тармағында мың текше метр газ үшін сату бағасы 145 АҚШ доллары деп белгіленген. Бағадағы айырма газ бағасын жоғарылату арқылы жымқыру ретінде қарастырылды. Алайда бұл хаттаманың түпнұсқасы жоқ. Хаттамада қол қойған тұлғалардың аты-жөні көрсетілмеген", - деп жазылған Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысында.
 
"Айыптау тарапының болжамы бойынша, хаттамаға қол қойды деген тұлғалардан іс бойынша жауап алынбады және бұл құжаттың бар екені расталмады. "Қазтрансгаз" АҚ қызметкерлерінің хабарламаларынан алынған осы хаттаманың электронды көшірмесі оның шынайылығын дәлелдеу үшін жеткіліксіз", - деп толықтырды соттағылар.
 
Істе 17 тармақтан тұратын дәл сол күнгі хаттаманың түпнұсқасы бар, газды 145 доллардан сату туралы 18-ші тармақ онда жоқ. Неліктен бір күні бірдей екі хаттаманың бар екені белгісіз: біреуі шынайы, ал екіншісі орта буындағы менеджерлердің электрондық хат алмасуларынан және оған нақты кім қол қойғаны белгісіз.
 
"Осылайша, сот үкімі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзумен шығарылды, соттың кінә туралы тұжырымдары болжамға негізделген, құжаттардың түпнұсқалары болмаған жағдайда, олардың сенімділігі мен дұрыстығына күмән тудыратын көшірмелері негізге алынған, жол берілмейтін дәлелдемелер және талданбаған, шынайылығы бойынша салыстырылмаған және басқа әділ дәлелдемелермен расталмаған дәлелдемелер қолданылды", - деп қорытындылады сот алқасы.
 
Олардың шешімімен қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың қаулысы бойынша апелляциялық тәртіпте қаралады. Сотталғандар қамауда қалады. Сотталғандар мен оларды қорғаушылардың апелляциялық өтініштері ішінара қанағаттандырылады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір