• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:44:42
+12°

Жұма күні кешке Пригожиннің телеграм-арнасында "елдің әскери басшылығына қарсы" бүлік бастап, "әділдік орнататынын" мәлімдеді. Ол жұртты "қарсылық білдірмей берілуге" шақырды және қарамағында 25 мың сарбаз бар екенін ескертті.  

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі қарулы бүлікке шақырғаны үшін "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Бұл жөнінде Ресей Бас прокуратурасы хабарлады.  

Жұма күні Евгений Пригожин "Вагнер" жауынгерлерін артиллерия мен әскери тікұшақ көмегімен атқылап жатыр деп Ресей қорғаныс министрлігін айыптаған. Оның айтуынша, осының кесірінен оның әскерилері қаза тапқан.

Бірақ елдің саяси басшылығын басып алу ойы жоқ екенін, "президент билігі, ішкі істер министрлігі, үкімет және басқа да құрылымдар бұрынғы қалыппен жұмыс істей беретінін" айтты. 

Ал "Вагнер" басшысы соңғы мәлімдемесінде Ростов қаласына кіріп бара жатқанын мәлімдеді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір