22 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматылық белсенді Айдос Темірғалиевті полиция қызметкерлері ұстап алып кетті. Бұл туралы оның әріптестері әлеуметтік желіде хабарлады.
Oyan, Qazaqstan! белсенділерінің айтуынша, Темірғалиевті бірер сағат бұрын Бостандық ауданының полиция бөліміне алып кеткен.
Оны 6 мамырда полиция басқармасы ғимаратында Дархан Шәріпов пен Влада Ермольчеваны қолдағаны үшін соттайды деген мәлімет бар.
Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір