16 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"Иіс" өлеңінен не аңғардың?
( Мәден Мұхаметқанұылының бір өлеңіне талдау)
Жә, ақынның өлеңін алдымен оқып, санаға тоқып, ақылмен екшеп, сабырмен теңшеп, ой қортып, туған жердің жұпар ауасы мен киіз турлықтың иісімен біраз тынысьап алайық. Ақын "Иіс" туралы қалай - қалай толғады екен. Қалай - қалай толғанды екен тыңдап көрейік:
Жайлау кезі жаннаттай құлпырған тау іші,
Жасыл кілем түлежіп қара жердің қыртысы.
Әкем келіп жететін,ақбоз атпен ентелеп,
Киіз үйдің сыртынан дүбірлетіп жүрісі.
Күлімсіреп кіргенде Алатаудай тұлғамен,
Тасушы еді үйдің құт ,бағы жанған ырысы,
Таңбозынан күйбіңдеп жүріуші еді жан анам,
Қамын жасап біздердің , бітпеуші еді жұмысы.
Мейіздей кепкен сүрінің қайнағаны қазанда,
Тәбетіңді ашушы ед(і), мұрын жарған иісі.
Сыртта жаңбыр сіркіреп , тырсылдаған тамшылар,
Мама бұлттан төгілген құты тамған нұр осы.
Асық атып төр алды әпкем және ініммен,
Балалықтың бал дәурен ойны қанған бір досы .
Қатар тіккен ағамның отауының ішінен ,
Сыңғыр-сыңғыр естіліп жеңгеміздің күлкісі .
Туырлықтың үстінде үзіліп шыққан дыбыстар,
Ғаламат бір жұпар-ау жаңбыр қыздың иісі!
Киіз үйге тосылмай ауық-ауық үздігіп,
Қоңыр леппен ұрады изен , жусан иісі.
Қозы , бота , құлынның иісі де тым күшті,
Дала төсі екен ғой иіс, түйіс сүйісі.
Үшбұрыштап күнгейлеп тіреп қойған түңлігі,
Ақ бақанның міндеті - тамшы тамбау үкімі.
От бишігін үйіріп найзағайдың жарқылы,
Көз алдыңда ақырып жасыл жайдың күркірі.
Тәубе үйіріп еріксіз, тиясың айдын күлкіні.
Иісіне тең келмес Француздың әтірі,
Шығушы еді бұралып қоңыр қидың түтіні.
Ірге жақта дәу саба іркіт иісі аңқыған,
Құрт пен ірімшік жайылған қабы майлы матадан.
Қызыл ағаш төсекте әкем шертіп домбыра,
Тәтті күйін төгілтіп , жатушы еді шалқадан,
Қонақ келсе қызушы ед(і) кең жайылған дастарқан,
Сойып тастап семірген қыста туған марқадан.
Көрінеді есіктен күнгей жақтың адыры,
Білінбепті, білмептік кең сахара қадыры.
Топырақтың иісін, иіскеп жатып жүдеймін,
Шүлентауда қалдың-ау, жан әкемнің қабыры.
Көкек, сәуір, артынан сары алтындай күз жетті.
Аққу қайтып түстікке
Жылжи-жылжи тез өтті.
Жылдар жылым зу етіп, жылмағайлап білгізбей,
Қызығы мол балалық, жастықты ылғи күзепті.
Алыста қалған бала кез, мені былай жүдетті.
Сары жұрт та сарғайып, шақырады әр таң да,
Ар кеуде де тыпырлап, жанған оттай жүректі.
Барғым кеп жүр мініп ап, қара өлеңнің тұлпарын,
Ұшырайын жетсін бір, сері сезім сұңқарын .
Әкемменен анамның, иісі сіңген сол жұртта
Жамбастап жатып шай ішсем,
Басылама япыр-ай, бала кезгі құмарым ?!
Жайлауымның шың құзы басын бұлтқа тірепті,
Құт ырысы тасыған біздің жұртқа тіректі.
Сағынышыма жаралған байтақ дала мекенім,
Барғым кеп жүр мен саған бірақ сермеп білекті,
Топырағына бір аунап , жұпарын жұтып шай ішсем,
Жағып қойып хош иісті көктей кепкен тезекті.
(Мәден Мұхаметхан)
Бүгінгі Анатомия ғылымында иіс сезудің отыздай механизмі анықталған . Иіс сезудің кереметін осыдан екі мың жыл бұрын римдік философ Гит Лукрецкий Кир анықтаған болатын. Ол адам мен жануардың иіс сезу мүшелерінде арнайы сезгіш ойықтар , әр иістің өзіне сәйкес ойығы болатынын ғылыми жолмен дәлелдеген еді...
Жер шарында ауаның бір куб метрінде бір молекула иісті сезе алатын жануар да бар. Жібек құртының аталығы аналығынан бөлініп шығатын он мыңнан ажыраған , бір меллиграм иісті он километр жерден сезе алады. Акула суға тамған бір тамшы қан иісін төрт жарым километр аралықтан сезеді. Бірақ жануарлардың сезетін иістері шектеулі болады.
Ал, адамның иіс сезуі қандай да бір затпен немесе әсерлі оқиғамен, эмоциялық күймен байланысты болады. Сезімтал ақындар тәнімен емес, жанымен, нәзік сезіммен тіпті шарқұрған оймен, қанатты қиялмен өте алыс шалғайдағы иісті сезе алады. Бұл адам баласының ақыл - ой қуатының күші. Қарым қаблетінің, сана сапасының жоғары шегі.
Жә, әз оқырманым, көзқарақты қаламдастарым, мен иіс туралы зертеу жүргізейін, мақтанып марқайып мақала жазайын, ділгірсіп кеңес берейін деп тәлімсіп отырғам жоқ...
Иісті жазуға, иісті айтуға себеп болған оқиға бар. Ол қасымызда қабырғалас болып, қалам тербеп , жемісті өлең жазып жүрген, қадақты қаламгер, ғаламат ақын Мәден Мұхаметхандың "Иіс" деген өлеңі осы жазбаны жазуға түрткі болды
Жә, ақынның иіс сезу түйсігі тіптен керемет. Керемет болғанда да, бала кезіндегі, ескі жұртта , көне қыстауда, бала танауда қалған хош иіс, есейгенде, ержеткенде, араға қырық жыл, жарты ғасыр салып, өлең болып, сана түбінен түрленіп түлеп ақынды сағыныш бесігінде тербеп оятқан хош иіс екен - ау!?
Бұл иіс күнүде танауға келе бермейді. Жел желпіп жеткізе алмайды. Көп жылдардың көлеңкесінде, бала көңілдің түкпірінде көміліп жатқан көне иіс. Сонау сонар көктем өмірдің, көрікті көңілдің көкжиегінде көмулі жатқан иіс. Бала кезде ата - ананың бақыт құшағында, қара шаңырақ төрінде асық атып, асыр салып , уаймыз , қамсыз , қаперсіз өмір кешіп жүрген бала кез, бал дидар дәуренде, кінәсіз танауға уыздай ұйып ұялап қалған хош иіс.
Иә, иіс, иіс болғанда да, қара қазанда буы бұрқырап, сарық - сарық қайнаған сары мейіздей кепкен сары жамбастың иісі, сабадағы сары алтындай толқып пісіп, сапырып алған сары майдың иісі, өреде күн қақтап, саумал самал қаққан, ақ шағаладай құрт пен сарғыш тартқан тәтті ірімшіктің иісі. Төрде төселген, текемет пен оюлы сырмақтың иісі, керегеден жел үрлеген шым шидің иісі, әкенің тері сіңген қара күпінің исі, алты таспа бұзау тіс сорыла қамшының иісі, қас тұлпардың ноқта мен жүгеннің исі, жарқын жүзді, жаны түнық перизат анасының ақ шылауышының иісі, есік ашылса, кереге түрілсе самян даладан аңқып кірген боз жусан мен киелі ерменнің исі, іргеде іркілдеп ақпен толқып жатқан тері сабаның иісі, жаңбыр сіңген қоңыр турлықтың иісі, ақ қайыңнан шауып жасаған ақ босаға мен табалдырықтың иісі...
Жә, оқырманым, қазақ үйі тоқсан тоғыз иіске толып тұр. Ақын оның бәрін тізбектеп тіркеп айтып жатпайды. Осы қазақы иіс, бүгінгі француздың әтірінен де күшті иіс деп бір ауыз сөзбен түйе сөлеп, нық түймелеп тұрып айтады. Сол арқылы ұлт рухының сөнбес алтын шамшырағын шырадай жағады. Қараңғы тартып қалған көңілдерге өз жүрегінің алтын нұрдай сәулесін түсіре жырлайды. Бала кездегі өзі өскен жанұясының мәртебесін иіс ұғымына сызғыза сызып , ұрпақтарға ұланғайыр ұлы ой салады. Өткен күннің өнегелі өмір іздерін өлеңіне үзілмес арқау етеді. Бір ғана иісті өзек етіп, ұлт рухын ту етіп көтереді. Бұл керемет ой, ғажап сезім ғой.
Сенім қамшысын сезім тұлпарына басып, өлең пырағына мініп алып, алыста қалған , атта жұртта түнеп қалған балалықтың ізін қуып саяхаттап келеді. Сондан ғажап ой түйеді...
Ол ойды айту үшін, өлең етіп жазу үшін күрделі күдірге, шытырман шиырға сүйреп әуіре - сарсаңға түспейді. Ақ боз ат мініп мұнарлы жаңбырлы даланы дүбірлетіп, үй іргесіне тақап келіп қалған әке беинесі, төр алда әпеке - іні және өзі асық атып ойнап жүр. Отбасында қазанға сары жамбас салып, иісін бұрқыратып асып қойып күйбіңмен жүрген анасы, үлкен үй іргесіндегі ақ отаудан естілген жеңгесінің күмістей сыңғыр күлкісі міне, осы деталдармен ғана ғажайып қазақ сахарасының, бағы заман келбетін келісті бейнелей білген. Содан ары қарай қанша жылдар өтсе де, уақыт сырғып кетсе де, бала танауда қалған сол бір хош иіс. Сары сағынышқа айналып, туған өлкесінен аулақтап, алыстап жүрген азамат шағында, арманына ар емізеді. Сағыныш толып қалған кеудесінен азамат жыр туғызады.
Иә, бұл ақын шеберлігі, Мәден Мұхаметқан шеберлігі деп айтуға болады.
Ойлаңызшы араға ширек ғасыр салып, бала көкірек дана көкіреке айналғанда, ақылды ойдан бас құрап, санадан сапалы ой толғап, тоқ сезіммен сері өлең жазып ойланып ояныпты. Ол өлеңді ақ қағазға, ақ маржандай тізіп өріп өнеге мен үлгіге айналдырып бізге ұсыныпты.
Алыстағы ауылын, ауылда қалған балалығын , көктей кепкен тезек отынан іздейді, оттан шыққан иістен іздейді. Ғаламат ауылын, ғажап ауылын жаннатқа балайды. Теңдесіз тебереніспен жырлайды.
Рас - ау, өлең суреткерлік өнер. Сөзбен кестелеп, образбен бейнелеп хас сұлу сурет садады. Ондай сұлу кәртинаны салу, хас шебер қаламгердің ғана қолынан келеді. Бұл өнер Мәден Мұхаметқанұлының қолынан келді. Ақеділ ақын жүрегінен ағыл - тегіл жыр болып туды.
Міне, ақын жырға қосқан қош "Иіс" өлеңнің әр тармағы өмірдің әр суретін тасқа басқан таңбайдай таныттып тұр. Бәрінен кереметі ұлттық дүние танымда жазылған. Қазақтың ұмыт болып бара жатқан көшпенді тұрмысын жақсы айшықтап, ойын орамды, айтарын айшықты, сенімін сері сезімге бөлеп жеткізген.
Ал, өлең тілі өте қарапайым, бірақ айтар ойы айғақты әрі мықты. Идия ирімінен ұлттық дүние танымның иісі кереметтей мүңкіп тұр. Ұйқас қуып, ырғақ санап, тармақ тарап, шумақ шұбыртып отырған ол жоқ. Өзі ойлаған ойын ойсыл қарадай пайдаланып, өзі туған сұлу өлкесінің бар жүгін арқалатып , ткған жері мен еліне арқалана жыр арнап, азамат ойын , арда қиялмен ақ жауындай бірақ сар еткізіп төге салған.
Мен, Мәден Мұхаметқанды асыра мақтап, өтірік жақтап, өлең өнердің хақ төбесіне шығарып, киелі төріне төре етіп отырғызайын деп , мақала жазып отырғам жоқ.
Шабытты ақынның келер күнденде шалқар - шалқар ойлармен, тың, соны тақырыптарға қалам тартарына сенім артып, иіс өлеңін шырпып айтып, шындығын жазып әз оқырманның әділ бағасына ұсындым. Халық - қазы, оқырман - таразы?!
Болат Бопайұлы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір