• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 06:59:11
Алматы
+12°

29 Мамырда AlmaU Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатары жаңа тұлғалармен толықты. VII шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, AlmaU Жоғары бизнес мектебінің (МВА және DBA бағдарламалары) түлегі, «ASPARA MUNAY» ЖШС Бас директоры Линник Андрей, БҰҰ Жаһандық шартының Қазақстандағы өкілі, Стенфордта оқыған алғашқы қазақ, сондай-ақ тұрақты даму және ESG тақырыбы бойынша сарапшы Сейджапарова Динара және Altyn Samruk Qazaqstan СЕО-сы, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, сондай-ақ ҚР ірі холдингтер мен компаниялардағы жоғары буын басшысы, Nazarbayev University & Duke's Fuqua Business School EMBA бағдарламасының түлегі Пазылхайыр Гүлбану – енді Қамқоршылық кеңес мүшелері.

дд

Сонымен қатар Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Жанат Бердалина басқару тізгінін 10 жыл бойы кеңес мүшесі болған Еркін Тәтішевке тапсырды. «Мен 6 жыл бойы ҚК төрағасы, 9 жыл ҚК мүшесі болдым. Енді тізгінді тапсыратын кез келді», - деді Жанат Бердалина.

Жанат Қоланқызы Қамқоршылар кеңестің және жалпы университеттегі корпоративтік басқарудың дамуына елеулі үлес қосты. Ендігәрі ол – Алматы Менеджмент университетінің Қамқоршылар кеңесінің құрметті мүшесі.

«Ең қиыны – жаңа нәрсе ойлап табу. Біз жоғары білім трансформация, инновация процесінде екенін түсінеміз. Қазір ресурстары бар үлкен университеттер де қиналып жатыр. AlmaU үшін де «Біз кімбіз? Қайда барамыз?» деген сұрақ өзекті болуы шарт. Әрекет жасап, байқап көруден қорықпайтын оқу орны болайық. Бұл дегеніміз – жаңа әдістемелер, жаңа нұсқалар, жаңа тәсілдер», -деп атап өтті университеттің Қамқоршылық кеңесінің жаңа төрағасы Еркін Тәтішев.

Қамқоршылар кеңесі университеттің дамуында маңызды рөл атқарады. Ол университетті басқарудың жоғарғы органы және негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдауға жауап береді. Сонымен қатар стратегиялық мақсаттарды айқындайды және негізгі қаржылық құжаттарды бекітеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір